27 қараша 2020 | 15:22

Орманда көміп кеткен: Қостанай облысында жоғалған ер адамның денесі бір айдан соң табылды

Қостанай облысында жоғалып кеткен 26 жастағы ер адам бір ай өткен соң орманнан көмілген күйі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қостанай облысында жоғалып кеткен 26 жастағы ер адам бір ай өткен соң орманнан көмілген күйі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ер адамды 16 қазаннан бастап еріктілер мен полиция қызметкерлері іздеген. 26 жастағы Сабуги Абыев Қостанай облысының Құсмұрын кентінде үйінен шығып, сосын байланысқа шықпаған. Полицияға оның жоғалғаны туралы досының анасы хабарлаған. Бір айдан кейін кісі өлтірді деген күдікпен 23 және 29 жастағы екі жергілікті тұрғын ұсталды.

Реклама
Реклама

"Полиция 15 қазанда күдіктілер жәбірленушімен бірге алкоголь ішкенін анықтады. Ер адамдар арасында жанжал болған. Күдіктілердің бірі "ВАЗ-2107" автокөлігімен жәбірленушіні қасақана қағып кетіп, содан кейін олар мәйітті орманға шығарып, шұңқырға көмген", - деді Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Құқық қорғау органдары тергеуді жалғастыруда, сараптамалар тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная