06 маусым 2022 | 11:00

Өскемен тұрғынының пәтерінен қарасора "плантациясы" табылды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото: Polisia.kz

"Қарасора - 2022" республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында Шығыс Қазақстан облысының полицейлері марихуана өндіретін есірткі зертханасын жойды, - деп хабарлайды YK-news.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Қарасора - 2022" республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында Шығыс Қазақстан облысының полицейлері марихуана өндіретін есірткі зертханасын жойды, - деп хабарлайды YK-news.kz

Басылым мәліметінше, полицейлер Өскеменнің 26 жастағы тұрғынының есірткі айналымына қатысы болуы мүмкін деген ақпарат алған. Осылайша, тәртіп сақшылары күдіктінің пәтеріне тінту жүргізіп, нәтижесінде қарасора плантациясын, кептірілген марихуананың бірнеше қабын және оны қолдануға арналған құрылғыларды тапқан.

"Құрамында есірткі бар өсімдіктер арнайы шатырдағы құмыраларда өскен, онда жылу режимі, ылғалдылық сақталған", - деп түсіндірді ШҚО полиция департаменті бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Реклама
Реклама

Ұсталған азаматтың айтуынша, ол жабдықты интернет-ресурстар арқылы ТМД елдерінен алдыртқан.

Қылмыстық кодекстің 300-бабы 1-бөлігі (құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша соталды тергеу басталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная