25 ақпан 2022 | 16:45

Өскеменде 63 миллион жымқырған балалар үйінің қызметкерлеріне үкім шықты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фотоколлаж Tengrinews.kz

Өскеменде мамандандырылған балалар үйінің директоры мен бас есепшісі 63 миллион теңгені жымқырды деген айыппен сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Өскеменде мамандандырылған балалар үйінің директоры мен бас есепшісі 63 миллион теңгені жымқырды деген айыппен сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өскеменнің №2 соты баспасөз қызметінің мәліметінше, сот үкімі бүгін шықты. "Өскемен қаласындағы мамандандырылған балалар үйі" КМК-да 2015-2019 жылдар аралығында балаларға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру дерегі орын алғаны анықталды.

Еске салайық, барлығы 63 150 581 теңге ұрланған.

Реклама
Реклама

"Өскеменнің № 2 соты қылмыстық істі қарауға кірісті. Бюджет қаражатын жымқыру айыптары Мамандандырылған балалар үйінің бұрынғы қызметкерлеріне - экс-директорға, бас есепшіге және кадрлар бөлімінің маманына қатысты тағылды. Олар 2015 жылдың наурызынан 2018 жылдың желтоқсанына дейін 63 миллион теңге жымқырған", - деді Шығыс Қазақстан облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы Қайрат Шақпантаев.

Сот мәліметінше, оларға Қылмыстық кодекстің 189-бабы бойынша айып тағылды. Бұл бапқа сәйкес, айыпталушылар мүлкі тәркіленіп, 7-ден 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. 

Слтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная