25 шілде 2019 10:43

Өскеменде алаяқ әйел баспана алуға көмектесемін деп, 5 миллион теңгені жымқырған

©Тұрар Қазанғапов

Өскеменде өзге әйелге баспана алуға көмектесемін деп, бірақ уәдесін орындамаған 48 жастағы әйел ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі YK-news.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде өзге әйелге баспана алуға көмектесемін деп, бірақ уәдесін орындамаған 48 жастағы әйел ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі YK-news.kz-ке сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, 23 шілдеде 52 жастағы әйел алаяқтық фактісі бойынша Үлбі полиция бөлімшесіне шағымданған.

Реклама
Реклама

"2018 жылдың сәуір айының соңында бейтаныс әйел пәтер сатып алуға көмектесуді ұсынып, алаяқтық жолмен 5 200 000 теңге көлемінде ақшаны иемденіп алған", - деп хабарлады Өскемен қалалық полиция бөлімінің баспасөз қызметіндегілер.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұған дейін де бірнеше рет істі болған 1971 жылғы әйел өз кінәсін мойындады. Осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram