Өскеменде ер адам әйелі мен енесін өлтіргенін мойындады

© Tengrinews.kz

?скеменні? жергілікті т?р?ыны жант?ршігерлік ?ылмысын мойындады. Ер адам ?йелі мен енесін ?лтіріп, оларды? м?йіттерін саяжайда?ы ?йлеріні? жерт?лесіне жасыр?анын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өскеменнің жергілікті тұрғыны жантүршігерлік қылмысын мойындады. Ер адам әйелі мен енесін өлтіріп, олардың мәйіттерін саяжайдағы үйлерінің жертөлесіне жасырғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тергеу органдарының мәліметінше, бұл оқиға өткен аптада болған.

"31 жастағы ер адам 30 сәуірде қылмысын мойындаған. Ер адам 28 сәуірде 33 жастағы әйелі мен 60 жастағы енесін жанжал кезінде өлтіріп тастағанын айтып берді. Ал әйелдердің мәйітін саяжайдағы үйлердің бірінің жертөлесіне жасырып қойған. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барды. Ер адамның айтқан сөздері расталды. Мәйіттер жертөледен табылды. Қазіргі уақытта сараптама жүргізіліп жатыр. Күдікті тергеу изоляторына қамалды. "Адам өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - деді ШҚО ІІД өкілдері.

Реклама
Реклама

Алдын ала мәлімет бойынша, ол әйелін өлгенше ұрған, ал енесін пышақ салып өлтірген. Қазіргі уақытта ер адамға қатысты бұлтартпау шарасы таңдалып жатыр. Күдіктің кәмелетке толмаған ұлы қазір туыстарының қамқорлығында.

Еске сала кетейік, осыған дейін Өскемендегі саяжайлардың бірінде екі әйелдің мәйіті табылғаны жайлы хабарланған болатын.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама