10 наурыз 2017 12:42

Өскеменде ер адам бұрынғы әйелін айфонын ұрлады деп жауыздықпен өлтірген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© dpchas.com.ua © dpchas.com.ua

ШҚО-да ер адам азаматтық некедегі бұрынғы әйелін пышақтап тастаған. Қылмыскер әйел адамға 20 рет пышақ салған, - деп хабарлайды YK-news.kz.


ШҚО-да ер адам азаматтық некедегі бұрынғы әйелін пышақтап тастаған. Қылмыскер әйел адамға 20 рет пышақ салған, - деп хабарлайды YK-news.kz.

Сотта әйелдің қызы айыпталушының бұрын да анасына зорлық-зомбылық көрсеткенін, алайда, учаскелік полицей еш шара қолданбағанын айтады. Әйел адам күйеуі есірткі қабылдап, ішімдікке әуес болғандықтан, одан кетіп қалған. Осыдан кейін ер адам бұрынғы әйелінің үйіне басып кіріп, қызының тойтерьер тұқымды итін алып кеткен. Мұндай оқиға бірнеше рет қайталанған, ол есікті сындырып, бірнеше рет жанжал шығарған.

Қайғылы оқиға болған күні бұрынғы әйелі мен күйеуі ортақ таныстарының үйінде қонақта болған. Бірге ішімдік те ішкен. Таңғысын айыпталушы айфон мен аяқ киімінің жоқтығын байқап, әйелге күдігі түскен. 

Осыдан кейін ол бұрынғы әйелінің үйіне қайтадан басып кіріп, телефоны мен аяқ киімін қайтаруды талап етеді. Ашуға мінген ер адам ас үйден пышақ алып, әйелді пышақтап тастаған. Не істегенін түсінгеннен кейін айыпталушы дәретханаға асылып қалмақ болады, алайда, кейін досының үйіне барып, қайтадан ішімдік ішкен. 

Әйел адам көмек шақырып үлгерген. Ауруханаға жеткізілгеннен кейін ол көз жұмады. 

Шығыс Қазақстан облысының ауданаралық арнайы соты ер адамды 15 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети