13 қазан 2020 17:40

Өскеменде есірткі сатумен айналысқан фитнес жаттықтырушы ұсталды

Видео кадры

Өскеменде полицейлер есірткі өткізумен айналысқан фитнес жаттықтырушыны ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО Полиция департаментіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде полицейлер есірткі өткізумен айналысқан фитнес жаттықтырушыны ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО Полиция департаментіне сілтеме жасап. 

"Есірткі қылмыстарымен күрес басқармасының қызметкерлері облыс орталығындағы  "Қарасора" жедел және алдын-алу шаралары барысында Өскеменде ұзақ уақыт марихуана сатумен айналысқан фитнес орталықтарының біріндегі жаттықтырушыны ұстады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Күдікті қамауға алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Күдікті 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

"Жедел іздестіру іс-шаралары барысында оның есірткі сатқаны анықталды, ұстау кезінде күдіктіден 30 дозадан аса бір реттік марихуана тәркіленді", - деді ШҚО полиция департаменті басшысының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Департамент мәліметінше, 2020 жылдың басынан бері ШҚО полицейлері 170 есірткі қылмысын анықтады, оның 141-і есірткі өткізуге қатысты. 222 келі түрлі есірткі тәркіленді, оның 3,7 келісі психотроптық заттар. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram