01 маусым 2022 09:16

Өскеменде гаражда есірткі саудасын ұйымдастырғандар ұсталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото: Polisia.kz

Өскеменде гаражда есірткі саудасын ұйымдастырғандар ұсталды, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.             

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде гаражда есірткі саудасын ұйымдастырғандар ұсталды, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.             

Телеарна мәліметінше, марихуана саудасын ұйымдастырған екі қала тұрғыны ұсталған. Полицейлер гараж иелеріне ерітінді көтерме жолмен әкелінгенін анықтаған. Олар тауарды өлшеп, кейін өз клиенттеріне сатқан. Тінту кезінде есірткі салынған 3 қағаз және 25 полимер түйіншек тәркіленген. Тыйым салынған заттар күдіктілердің бірінің үйінен де табылған.

Қазір тергеушілер сатушыларға тыйым салынған заттардың қайдан келгенін анықтап жатыр. ШҚО ПД баспасөз қызметі өкілі есірткі құралдарын, психотроп заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындау, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу баптары бойынша соталды тергеу басталғанын айтты. Осы баптардың санкциялары бойынша 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделеді.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram