27 қаңтар 2022 | 10:44

Өскеменде полицейді арандатқан ер адам жазаланды

Дина Шарипханова Корреспондент

Өскеменде сот полицейді арандатқан ер адамды қамауға алу туралы үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Өскеменде сот полицейді арандатқан ер адамды қамауға алу туралы үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өскеменде тұрғындар шақыртуымен келген учаскелік полицейді арандатқан ер адамның видеосы әлеуметтік желілерде танымал болды. Желі қолданушылары учаскелік полицейді "қызметші", ал өзін "қожайын" ​​деген ер адамның әрекеті мен жүріс-тұрысына ашуланды.

Бүгін сот ер адамды қамауға алу туралы шешім шығарғаны белгілі болды.

Реклама
Реклама

"1981 жылы туған айыпталушыға қатысты ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 667-бабы 1-бөлігі ("Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің заңды бұйрығына немесе талабына бағынбау") қолданылған. Бап санкциясында бес тәулікке дейін қамауға алу түріндегі жаза көзделген", - деп түсіндірді Өскемен ПБ өкілдері.

Сондай-ақ, ер адам кешірім сұрап, жасаған әрекетіне өкінгені баса айтылды.

Еске салайық, Желіде полиция қызметкерін арандатқан мас адамның видеосы тараған болатын. Бұл видео Шығыс Қазақстан облысы тұрғындары арасында түрлі пікір тудырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная