12 қазан 2019 | 09:33

Өскеменде судья, қорғаушы және қалалық сот кеңсесінің меңгерушісі сотталды

Камила Долаева Журналист
Хабар 24

Өскеменде сыбайлас жемқорлыққа қатысты сот отырысы аяқталды. Судья, қорғаушы және қалалық №2 сот кеңсесінің меңгерушісі 5, 4, және 2,5 жыл мерзімге бас бостандықтарынан айырылды, - деп хабарлайды Хабар 24.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Өскеменде сыбайлас жемқорлыққа қатысты сот отырысы аяқталды. Судья, қорғаушы және қалалық №2 сот кеңсесінің меңгерушісі 5, 4, және 2,5 жыл мерзімге бас бостандықтарынан айырылды, - деп хабарлайды Хабар 24.

Белгілі болғанындай, істі болған күдікті ауыр қылмысты жеңіл түріне алмастыруға, яки жазадан біржола құтылып кету үшін судьяға 200 мың теңге берген. Оның бұл пиғылын жүзеге асыруға кеңсе басшысы мен қорғаушы көмектескен. Бұдан бөлек, бұрынғы қаржы полициясының ісіне қатысты да сот шешімі шықты.

Реклама
Реклама

Енді мемлекеттік кірістер департаменті экономикалық тергеу басқармасының жетекшісі алдағы 7 жылын темір торда өткізеді. Ол аса ірі көлемде пара алғаны үшін істі болды.

"Ол жауапкершілігі шектеулі серіктестік директорынан қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы үшін 12 миллион теңгеден астам қаржы алған. Сот оны бопсалау арқылы пара алғаны үшін кінәлі деп тапты", - деді облыстық соттың үйлестіруші-судьясы Назгүл Рахметуллина.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная