Өскеменде ұялы телефон ұрлағандар ізін суытпай ұсталды

Өскеменде ұялы телефон ұрлағандар ізін суытпай ұсталды

Өскеенде сауда орталықтарының бірінің алдында белгісіз ер адам мен жанында тұрған әйел телефон ұрлап, сатпақшы болған, - деп хабарлайды YK-news.kz.

Өскеенде сауда орталықтарының бірінің алдында белгісіз ер адам мен жанында тұрған әйел телефон ұрлап, сатпақшы болған, - деп хабарлайды YK-news.kz.

14 шілдеде "102" кезекші бөліміне қаланың 21 жастағы тұрғыны хабарласып, 18:00 шамасында белгісіз екі адамның ұялы телефонын  қолды қылғанын айтқан. 

Ұрылар телефонды тағы бір сауда орталығына апарып өткізбекші болған жерінен ұсталды. 

Жарнама
Жарнама

"Қылмыс ізін суытпай ашылды, заттай айғақтар тәркіленді. Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр", - деді Өскемен қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің өкілдері. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама