Өскеменде ХҚКО ғимаратына "жарылғыш зат" қойғанын хабарлаған ер адам ұсталды

© securitylab.ru

Полицейлер Өскемен қаласындағы Қазақстан көшесінде орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталығында жарылғыш зат қойғаны туралы хабарлаған адамды анықтады, - деп хабарлайды YK-news.kz.

Полицейлер Өскемен қаласындағы Қазақстан көшесінде орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталығында жарылғыш зат қойғаны туралы хабарлаған адамды анықтады, - деп хабарлайды YK-news.kz.

Айта кетейік, 30 мамырда шамамен 13:00-де Мызы және Қазақстан көшелерінің қиылысы қоршауға алынған еді. Дүрбелең салуға ғимаратқа жарылғыш зат қойлығаны туралы хабар түскен. Қуанышқа орай хабарлама жалған болып шыққан. 

Полицейлер қоңырау шалған адамның кім екенін анықтады. Ол тұрғылықты мекен-жайы жоқ 39 жастағы ер адам болып шыққан. 

Реклама
Реклама

"Күдікті өз кінәсін мойындады. Фоноскопиялық сараптама тағайындалды", - деді ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Әйгерім Нұрғазина. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама