Өскемендегі арнайы операция: Сауда орталығының алдында қаруланған ер адам ұсталды

Арнайы операция болған жер.

Кеше ?скеменде кешкі уа?ытта жергілікті т?р?ынды ?стау бойынша арнайы операция ж?ргізілді. Полицейлер жергілікті т?р?ынды ірі сауда орталы?ыны? алдында ?стады. Ер адамны? ?олында пыша? пен мылты? бол?ан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кеше Өскеменде кешкі уақытта жергілікті тұрғынды ұстау бойынша арнайы операция жүргізілді. Полицейлер жергілікті тұрғынды ірі сауда орталығының алдында ұстады. Ер адамның қолында пышақ пен мылтық болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, Daniel сауда орталығындағы арнайы операция жайлы әлеуметтік желі қолданушылары хабарлады.

"Daniel сауда орталығы қоршауға алынды. Полицейлер ешкімді өткізбей жатыр. Қаруланған жігітті ұстаған көрінеді. Кім не біледі?", - деп жазған әлеуметтік желі қолданушылары.

Реклама
Реклама

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ІІД кезекші бөліміне облыстың 20 жастағы тұрғынының тіркелмеген қаруды сақтап жүргені жайлы жедел хабарлама келіп түскен.

"Ер адамды сауда орталығында ұстады. Жедел қызметкерлер жұмыс жүргізу барысында мылтық мен суық қару тапқан. Сауда орталығы мен ондағы аумақтың барлығы полицейлердің жұмысы үшін қоршауға алынды. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталады. Ұсталған ер адамның басқа да қылмыстарға қатысы бар ма, жоқ па тексеріліп жатыр", - деді ШҚО ІІД.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, полицейлер қазіргі уақытта ер адамға мұндай қарулардың неліктен қажет болғанын анықтап жатыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама