Өскемендегі саяжайлардың бірінде екі әйелдің мәйіті табылды

© altaynews.kz

Полицейлер ?скемендегі саяжайларды? бірінде екі ?йелді? денесін тапты, - деп хабарлайды Altaynews.kz.

Полицейлер Өскемендегі саяжайлардың бірінде екі әйелдің денесін тапты, - деп хабарлайды Altaynews.kz.

"Светоч" бағбандық қауымдастығы күзетшісінің айтуынша, 28 сәуірде саяжай тұрғындарының бірі әйелі мен енесін өлтіріп, олардың денелерін жертөлесіне жасырып қойған. Ал 30 сәуірде, күзетшінің айтуынша, ер адам өз кінәсін мойындады. Оқиға орнына жедел топ барған.

Шығыс Қазақстан облыстық ІІД әзірше ешқандай түсінік берген жоқ. Әйелдердің өліміне және мұндай қайғылы оқиғаға ненің себеп болғанын тергеу анықтайтын болады. Күдіктінің ата-ана қамқорлығынсыз қалған кішкентай баласы бар екені белгілі болды: анасы мен әжесі қайтыс болған, ал әкесі тергеу изоляторында.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама