Отбасы бар жігіттен өш алу үшін зорлады деп жала жапқан әйелдің басы бәлеге қалды

?йел адам ?йленген ашынасынан ?ш алу ?шін оны зорлап кетті деп айыпта?ан, - деп хабарлайды "Диапазон". Салдарынан енді ?йелді? ?зі сот алдында жауап беріп жатыр. "Ол ?йленгенін менін жасырып ж?рді", - деді ?йел жаланы не ?шін жап?аны жайлы с?ра??а.

Әйел адам үйленген ашынасынан өш алу үшін оны зорлап кетті деп айыптаған, - деп хабарлайды "Диапазон". Салдарынан енді әйелдің өзі сот алдында жауап беріп жатыр. "Ол үйленгенін менін жасырып жүрді", - деді әйел жаланы не үшін жапқаны жайлы сұраққа.

35 жастағы Альбина зорланғаны жайлы хабарлап, полицияға арыз жазған. Оның арызы бойынша соталды тергеу жүріп, артынша зорлану дерегі расталмай, іс тоқтатылған. Сол кезде арызданушы ер адамға кек алу үшін жала жапқанын мойындапты. Ол бірнеше ай бойы кездессе де, әйелінің барын айтпапты. Альбинаға қатысты "Көрiнеу жалған сөз жеткiзу" бабы бойынша іс қозғалған. Ол өзін қатаң жазаламауды сұрап, үш бала тәрбиелеп отырғанын мәлімдеген.

Сот Альбинаны бір жылға бас бостандығынан шектеп, 100 сағат мәжбүрлі жұмысқа жеккен. Сотталушы көңіл көтеру мекемелеріне де бара алмайды.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама