ПОДЕЛИТЬСЯ
05 мамыр 2021 | 09:31
Өзбекстанда жүргізушілер Қазақстанға миллион доллар алып өтпек болған
Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері "Узбекистон темир йуллари" акционерлік қоғамының "Өзбекстан" локомотив депосының екі машинисі Қазақстанға миллион доллардан аса ақшаны заңсыз шығармақ болғанын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Машинистер басқарған жүк пойызының электровозынан 971 050 доллар, 47 720 еуро және 3 424 500 рубль табылған.
Келес теміржол станциясында осы электровозды қайта қарау кезінде тағы 1050 доллар табылды. Жалпы 11 миллиард сум тәркіленген.
Тергеуге дейінгі тексеру барысында машинистерге ақшаны Қазақстанға алып кетуге Ташкент облысы Заңғиатин ауданының тұрғыны бергені анықталды. Ол жедел шараны жалғастыру барысында ұсталды. Машинистер одан көрші елге шетел валютасын заңсыз экспорттағаны үшін 300 доллар алған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также