"Өзін подполковник ретінде таныстырған". Алматыда медициналық қызметкерге шабуыл жасалды

Видеодан алынған кадр

Алматыда екі ер адам өзін құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері ретінде таныстырып, медицина қызметкеріне шабуыл жасаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда екі ер адам өзін құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері ретінде таныстырып, медицина қызметкеріне шабуыл жасаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға бейнебақылау камераларына түсіп, оны Instagram желісінде Олжас Қадыров есімді қолданушы жариялады. Оның айтуынша, шабуыл 18 тамызға қараған түні Қалқаман ықшамауданындағы №7 қалалық клиникалық ауруханада болған. 

"Наурызбай ауданының подполковнигі, есімі Бағлан, қара жейде киген, екіншісі - Данияр Базаров. Алматы қаласы басшылығынан осы жағдайға назар аударын сұраймын", - делінген жазбаның сипаттамасында.

Реклама
Реклама

 

Полиция департаментінің мәліметінше, бұл деректі Наурызбай аудандық полиция басқармасы зерттеп жатыр.

"Видеодағы адамдар анықталып, ұсталды. Алайда медицина қызметкері құқықбұзушыларға қатысты өтініш беруден бас тартты, олардың кешірім сұрағанын айтты. Жақын арада осы іс бойынша түпкілікті шешім қабылданады", - деді Алматы ПД баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, кейінірек автор бұл жазбаны Instagram желісінен өшіріп тастады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама