02 қараша 2022 | 14:21

Өзін "полицеймін" деп жезөкшелерден ақша бопсалаған алаяқ ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Астанада ақша бопсалаумен айналысқан жалған полицей ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астанада ақша бопсалаумен айналысқан жалған полицей ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

Елордалық Полиция департаментінің полицейлері арнайы операция жүргізген, оның барысында ақша бопсалаған күдікті ұсталды.

23 жастағы жігіт интимдік қызмет көрсететін қыздардан ақшаны қорқытып алған. Күдікті қыздарға пәтерге келіп, оларды қылмыстық жауапкершілікке тартамын деп ақша талап еткен.

Реклама
Реклама

Алаяқ полиция қызметкерінің жалған қызметтік куәлігін көрсеткен. Полицейлер жігітті қалалық пәтерлердің бірінде жәбірленушіден 20 мың теңге алып жатқан кезде ұстады.

Жеке тінту кезінде одан полиция қызметкерінің куәлігі мен ақша тәркіленді. Бүгінде бұл дерек бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная