08 шілде 2021 | 11:35

"Пациенті қайтыс болған". Алматыда пластикалық хирург сотталды

Фото: Facebook/Дмитрий Писарев

Алматылық пластикалық хирур Дмитрий Писаревқа қатысты сот шешімі шықты. Ол кеудені тартуға жасалған отадан кейін пациенттің өліміне себепкер болды деп айыпталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматылық пластикалық хирур Дмитрий Писаревқа қатысты сот шешімі шықты. Ол кеудені тартуға жасалған отадан кейін пациенттің өліміне себепкер болды деп айыпталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2021 жылы 8 шілдедегі шешімге сәйкес Дмитрий Писарев Қылмыстық кодекстің 317-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылады. Сот қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін айыпты деп тауып, мерзімнің өтіп кетуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатады. Ешқайда шықпау туралы қолхат жойылсын", - деп мәлімдеді сот.

Үкімге сай Дмитрий Писарев қайтыс болған Лаура Ізбасарованың отбасына 8 миллион теңге өтемақы төлеуі қажет.

Реклама
Реклама

Іс Алматы қаласы Бостандық сотының №2 аудандық сотында қаралды. Процесс онлайн-режимінде өткен.

Дмитрий Писаревті сот Қылмыстық кодекстің 317-бабы, 3-бөлігі "Медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы, абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан іс-әрекеттер" бойынша кінәлі деп тапқан.

Еске салайық, 2019 жылы алматылық пластикалық хирургты стюардесса Лаура Ізбасарованың кеудені тартуға жасалған отадан кейін өліміне кінәлі деп айыптап, тұтқындалғаны мәлім болды. Қыздың жағдайы ота кезінде нашарлағаны хабарланған еді. Басқа аурухана дәрігерлері оның өмірін сақтап қалуға тырысқан.

Дмитрий Писарев бұған дейін де істі болған. 2018 жылдың соңында оны 33 жастағы Украина азаматшасының өліміне кінәлі деп тапқан. Дана Агамурадова липосакция үшін арнайы Алматыға ұшып келген. Алайда отадан кейін жағдайы нашарлап, қаза тапқан. Кейінірек оған мұндай пластикалық процедуралардың қарсы көрсетілгені анықталды.

Хирург істің мерзімі өтіп кеткендігіне байланысты жазадан құтылды. Алайда наурызда Писаревқа ота жасауға тыйым салынып, лицензиясынан айрылған еді. Дегенмен жапа шеккендердің қорғаушысының сөзінше, хирург ота жасауын тоқтатпаған. Өз жұмыстарының нәтижесін әлеуметтік желіде жариялап отырған.

"Менің ойымша, Писарев мырза бұл істердің салдарын ұғынбайтын секілді. Себебі әлеуметтік желі арқылы өз қызметін ашық ұсынып отыр. Жаңа тергеушінің келуімен бізде алға жылжу болды. Сараптамалар тағайындалып, адамдардан жауап алынды. Сәйкесінше тергеу соты болып, нәтижесінде Писарев қамауға алынды", - деп мәлімдеді қорғаушы Сұңқар Нұрмағамбетов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная