Павлодар облысында 100 миллион теңгеге синтетикалық есірткі тәркіленді

© polisia.kz

Павлодар облысында ірі есірткі жеткізушіден 100 миллион теңгеге синтетикалық есірткі тәркіленді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысында ірі есірткі жеткізушіден 100 миллион теңгеге синтетикалық есірткі тәркіленді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылы 12 наурызда сағат 09.35-те Павлодар қаласында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел қызметкерлері ауқымды операция жүргізді. Нәтижесінде Павлодарда есірткі курьері бір келіден аса синтетикалық есірткі заттарын өткізу кезінде ұсталды.

"Ұсталған адам еліміздің оңтүстік өңірінің 24 жастағы тұрғыны, Павлодар облысындағы ірі есірткі құралдарын жеткізушілердің бірі болып шықты", - деді Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама