Павлодар облысында 340 миллион теңгені жымқыру дерегі анықталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Павлодар облысы ҚМА аумақтық басқармасы Ақсу қаласында су құбырын қалпына келтіруге бөлінген 340 миллион теңгені жымқыру дерегін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар облысы ҚМА аумақтық басқармасы Ақсу қаласында су құбырын қалпына келтіруге бөлінген 340 миллион теңгені жымқыру дерегін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақсу қаласының құрылыс бөлімінің басшысы Мұздыбаев, "Дала" ЖШС директоры Рыспеков және техникалық қадағалау маманы Нұртазин орындалған жұмыстар актісіне қол қойған.

Қылмыстық әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке жалпы сомасы 340 миллион теңгеге материалдық залал келтірілген.

Реклама
Реклама

Ақсу қалалық соты Мұздыбаевты Қазақстан Республикасы Президентінің атына оны мемлекеттік награда – "Ерен еңбегі үшін" медалінен айыру туралы ұсыныспен 7 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Павлодар облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Рысбековке 9 жыл бас бостандығынан айыру, Нұртазинге 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Жансая Қадыржанова
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная