Павлодар облысында әйел өлі табылды: желіде сұмдық кадрлар пайда болды

Павлодар облысында әйел өлі табылды: желіде сұмдық кадрлар пайда болды Фото:depositphotos.com

Павлодар облысында жалаңаш әйелдің мәйіті табылды. Полицейлер оны өлтірді деген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Павлодар облысында жалаңаш әйелдің мәйіті табылды. Полицейлер оны өлтірді деген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ақсу маңында түсірілген жан түршігерлік кадрлар әлеуметтік желілерде пайда болды. Видеода денесінде өртеу белгілері болуы мүмкін жалаңаш әйелдің мәйіті көрсетілген. Роликтің сипаттамасында марқұмның денесі облыстағы өнеркәсіп орнынан үш шақырым жерде табылғаны айтылған.

Полиция осы сұмдық жайтқа қатысты түсініктеме берді.

Жарнама
Жарнама

"Ақсуда әйел адамды өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның баспасөз қызметі қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама