Павлодар облысында бензин мен дизель отыны заңсыз сатылған

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Павлодар облысында мұнай өнімдерін шығу заңдылығын растайтын құжаттарсыз тасымалдау және сату фактілері анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

Павлодар облысында мұнай өнімдерін шығу заңдылығын растайтын құжаттарсыз тасымалдау және сату фактілері анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

"Тергеу барысында 15 көтерме жеткізушіден 610 миллион теңгеден аса сомаға 3,5 мың тонна АИ-92 маркалы бензин сатып алу фактісі анықталды, ол кейіннен белгісіз тұлғаларға "Унгефуг" ЖШС-дан құжаттарсыз сатылған. Дәл осы ЖШС құжатсыз жалпы сомасы 550 миллион теңгеден аса жалпы көлемі 2,4 мың тонна дизель отынын сатқан", - делінген хабарламада.

Сот айыпталушыларға қатысты үкім шығарды.

Реклама
Реклама

"Сот Ж.С. Шұғатаевты 6 жылға, С.Г. Унгефугты 4 жыл 6 айға, Е.Х. Шамиевті 2 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруға, 3 көлік пен 3 жартылай жүк тіркемелерін тәркілеуге үкім шығарды", - делінген ҚМА хабарламасында. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная