ПОДЕЛИТЬСЯ
29 маусым 2021 | 15:58
Павлодар облысында былтыр жоғалған тұрғынның сүйегі табылды
Павлодар облысында 2020 жылы жоғалып кеткен 30 жастағы тұрғынның сүйегі табылды. Әйелдің өліміне қатысты іс материалдары сотқа жолданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Павлодар облысында 2020 жылы жоғалып кеткен 30 жастағы тұрғынның сүйегі табылды. Әйелдің өліміне қатысты іс материалдары сотқа жолданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Галина Губинаның өлімі туралы ақпаратты еріктілер Instagram әлеуметтік желісінде жариялады.
"Галина былтыр қарашада жоғалып кеткен. Еріктілер оны іздестірді, бірақ, өкінішке қарай, ешқандай нәтиже болмады. Біраз уақыт өткен соң әйел өлтірілгені белгілі болды. Ер адам жәбірленушіні өлтіріп, бөлшектеп, полигонға апарып тастаған", - деп жазды "Павлодар қаласының Vita іздестірушілері" қоғамдық бірлестігінің еріктілері.
Еріктілердің айтуынша, сараптама үшін қайтыс болған адамның сүйегі қажет болған, бірақ күдікті бастапқыда көрсеткен жерден ештеңе табылмаған.
"Жергілікті полиция өтініші бойынша биыл сәуірде бірлесіп іздеу жұмыстары ұйымдастырылды. Біз геномдық сараптама үшін қажет фрагменттерді таптық. Міне, нәтиже алынды", - делінген хабарламада.
Марқұмның туыстары бұл ақпаратты растады. Әйел осы уақытқа дейін іздеуде болған.
"Дене бөліктері Ақсу қаласының сыртындағы полигонға тасталған. Бірақ табылған жоқ. Бірнеше сараптама жүргізілді. Бірінші рет зерттеуге ұсынылған сүйектер адамдікі емес екені белгілі болды. Биыл көктемде адам денесінің бөліктері табылып, геномдық сараптама оның Галинаға тиесілі екенін растады", - деді марқұмның туыстары.
Полиция мәліметі бойынша, тергеу аяқталған.
"Әйелдің із-түзсіз жоғалып кету дерегі бойынша Павлодар облысының Ақсу полиция бөлімі ҚР ҚК 99-бабы бойынша соталды тергеу жүргізді. Қылмыстық іс материалдары сотқа жолданды", - деді өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Егер сот күдіктіні кінәлі деп тапса, ол 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Айта кетейік, Галина Губина ата-анасымен бірге Қарабай ауылында тұрған. Ол былтыр 5 қарашада таңертең үйден шығып, қайта оралмаған. Кейін полиция Губинаның өліміне күдікті ер адамды ұстады.
Марқұмның артында 3 жасар қызы қалды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также