Павлодар облысында елік атқан браконьерлер ұсталды

Фото: Аждар Жүсіпов

Павлодар облысында елік атқан браконьерлер ұсталды, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысында елік атқан браконьерлер ұсталды, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Басылымның мәліметінше, олар Аққулы ауданында ұсталды.

Павлодар орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің басшысы Аждар Жүсіповтың айтуынша, бүгін түнде орманшылар Аққулы ауданының полиция қызметкерлерімен бірге үш браконьерді ұстаған.

Реклама
Реклама

Тәртіп бұзушылар Жамбыл ауылдық округінің маңында ұсталған. Ұсталған кезде олардан "Орал" мотоциклі, мылтық және атылған еліктің ұшасы табылды.

"Екі браконьер қашып үлгерді, қазір олардың жеке тұлғалары анықталуда, олардың барлығы Аққулы ауданы ауылдарының тұрғындары екені анықталды", - деді Аждар Жүсіпов.

Аң аулау құралдары мен заңсыз олжалар алынды, тексеру жүргізіліп жатыр деді ведомстводағылар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама