Павлодар облысында ерлі-зайыптылар бір бірінің үстінен полицияға шағым түсірді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Павлодар облысында ерлі-зайыптылар бір бірінің үстінен полицияға шағым түсірді Иллюстрациялық фото: ©Әлихан Сариев

Павлодар облысының Успен ауданында кезекті жанжалдан кейін ерлі-зайыптылар бір-бірінің үстінен арыз жазып полицияға жүгінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық ПД Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

"Әйелі жұмыстан көңілсіз келген күйеуін дұрыс қарсы алмаған. Содан үлкен жанжал орын алып, ерлі-зайыптылар бір-бірін әбден балағаттаған. Осыдан кейін екеуі де полиция бөліміне келіп, бір-бірінің үстінен шағым түсірді. Атап айтқанда, отбасылық және тұрмыстық қатынастар саласындағы заңсыз әрекеттер бойынша", - деді Жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуандық Шахманов.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция мұндай мінез-құлықты қолайсыз деп тауып, ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 73-бабына сәйкес ерлі-зайыптылардың әрқайсысына қатысты ескерту жасады.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама