21 қыркүйек 2020 | 15:53

Павлодар облысында жалған дипломмен жұмыс істеген мамандар анықталды

Фото: egov.kz

Павлодар облысында жалған дипломмен жұмыс істеген мамандар анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодар облысында жалған дипломмен жұмыс істеген мамандар анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"20 тұрғын жалған дипломпен жұмыс істеген. Яғни бір қыз интернеттегі сайттардың бірінде дипломға тапсырыс берген. Ол жалған диплом үшін 300 мың теңге төлеген. Ал тағы бір павлодарлық диплом үшін 100 мың теңге жұмсаған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Жалған диплом иелерінің тұрақты жұмысы болған. Алайда полиция олардың қайда жұмыс істейтінін, дипломды қандай университеттен сатып алғанын хабарлаған жоқ.

"Бұл фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - делінген хабарламада.

Полиция мәліметінше, жыл басынан бері өңірде жалған құжат жасаудың 68 дерегі тіркеліпті.

Еске салайық, 2019 жылдың сәуірде Павлодар облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері жалған дипломмен жұмыс істеген 6 мемлекеттік қызметкерді анықтаған еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная