ПОДЕЛИТЬСЯ
12 тамыз 2021 | 09:55
Павлодар облысында кісі өлтірген адам мектеп директоры болып жұмыс істейді
Павлодар облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлері екі мектеп директорының бұрын істі болғандарын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Павлодар облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлері екі мектеп директорының бұрын істі болғандарын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство қызметкерлері білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықты анықтау кезінде, 10 жыл бойы оқу орнын басқарған директорлардың бірі 90-шы жылдары қасақана кісі өлтіргені үшін сотталғаны белгілі болды.
"Аққулы ауданы Б.Уахатов атындағы мектеп директоры Е. К. Дүйсенов бұған дейін ҚазССР ҚК-ның 88-бабы 2-бөлігі "Қасақана кісі өлтіру" бойынша сотталған. Еңбек кодексінің 26-бабы бойынша кәмелетке толмағандардың, соттылығы бар немесе болған, адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, халықтың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтары үшін қылмыстық қудалауға ұшыраған адамдардың білім беру, тәрбиелеу және дамыту ұйымдарына жұмысқа орналасуына жол берілмейді", - деді облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті
басшысының міндетін атқарушы Ардақ Балғожин.
Ведомство өкілінің айтуынша, ауыр қылмысы үшін сотталған директор жұмыстан шығарылған. Алайда оқу орнының ресми парақшасында Дүйсенов мектеп директоры қызметін жалғастырғанын көруге болады.
"Ержан Құсманұлы жұмыстан босатылған жоқ. Ия, ол Қазақ КСР-і кезінде қылмыстық жауапкершілікке тартылған, 1996 жылы ол осы мектептің директоры болып тағайындалды, одан кейін қарапайым мұғалім болып жұмыс істеді. 2011 жылы ол қайтадан мектеп директоры болып тағайындалды, ал 2018 жылы оқу орнын қайта тіркеуге байланысты қайта тағайындалды. Міне, қазіргі таңда директор болып жұмыс істейді", - деді Аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Аққұлы Динара Қобайдарова.
Білім беру бөлімі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлері сілтеме жасайтын еңбек заңнамасындағы өзгерістер, мектеп директоры қылмыстық жауапкершілікке тартылғаннан кейін қабылданғандықтан Дүйсенов одан әрі жұмыс істей береді деп санайды.
"Еңбек кодексіне өзгерістер тек 2015 жылы ғана енгізілді. Егер оны жұмыстан шығарар болсақ, ол кез келген жағдайда сотқа шағымданып, өз орнын талап ете алады. Сол кезде біз қателескен боламыз. Себебі, заңның кері күші жоқ", - деді Динара Қобайдарова.
Алайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес 90-шы жылдардағы Еңбек кодексі ауыр қылмыстар үшін, әсіресе балалармен жұмыс үшін сотталған адамдарды басқару орындарына қабылдауға тыйым салғанын айтты.
Сондай-ақ, тексеріс барысында басқа мектептің директорын бұрын сыбайлас жемқорлыққа қарсы жауапқа тартылғанын білгеннен кейін, зейнеткерлікке шығуына бір жыл қалғанына қарамастан жұмыстан шығарған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также