Павлодар облысында мектеп маңында белгісіз біреу 19 жастағы мұғалімді зорлап кеткен

© Тұрар Қазанғапов

Павлодар облысында бұрынғы ауыл әкімдігінің ғимаратында 19 жастағы мұғалім зорланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар облысында бұрынғы ауыл әкімдігінің ғимаратында 19 жастағы мұғалім зорланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Майқарағай ауылының тұрғындары айтты. Олардың айтуынша, мұғалім ауылға таяуда ғана көрші ауылдан келген.

 "Біздің мектепте педагогтер жетіспейді, содан ол осында балаларды оқытуға келісті. Сабырлы, тәрбиелі қыз. Өз жұмысын жақсы көретіні көрініп тұр", - дейді ауыл тұрғындары.

Реклама
Реклама

Алайда мұғалім енді бұл мектепте жұмыс істей ме, жоқ па - ол әзірше белгісіз. Себебі кеше оны белгісіз біреу зорлап кеткен.

Тұрғындардың айтуынша, мұғалім мектепке бара жатқанда жолда бір көлік тоқтаған, онда бірнеше адам болған. Олардың бірі - ауыл тұрғыны. Ол көліктен шығып, қыздың соңынан жүріп, оны әкімдіктің бұрынғы ғимаратына алып кірді. Сол жақта зорлаған дейді.

Ауылдағылардың айтуынша, ол ер адамнан бүкіл ауыл қорқады.

"Ол мал ұрлаумен айналысады. Полицейлер оны бірнеше рет ұстаған болатын, алайда қылмыстық істердің барлығын жауып келді. Психикалық ауытқуы бар қызға да тиіскен кездері болған", - дейді ауыл тұрғындары.

Полицейлер зардап шеккен мұғалімнен шағым түскенін растады, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама