31 қазан 2022 | 12:01

Павлодар облысында тұрғын алаяққа сеніп, 5 миллион теңгеден айырылып қалды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Павлодар облысының тұрғыны жалған банк қызметкерімен телефон арқылы сөйлескеннен кейін бес миллион теңгеден айырылып қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодар облысының тұрғыны жалған банк қызметкерімен телефон арқылы сөйлескеннен кейін бес миллион теңгеден айырылып қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Шарбақты ауданының полиция бөліміне 58 жастағы әйел арызбен жүгінген. Арызданушының айтуынша, оның телефонына ер адам хабарласып, өзін банктердің бірінің қызметкерімін деп таныстырып, алаяқтар оның атына 5 миллион теңге көлемінде несие алмақ болғанын айтқан. Қорыққан әйел мұны жоққа шығарады, кейін жалған қызметкер әйелге мәселені шешу үшін олардың барлық талабын орындау керек екенін айтады.

Әйел өзі туралы барлық ақпаратты беріп, банктің мобильді қосымшасын жүктеп алып, біраз уақыттан кейін есепшотына 4,7 миллион теңге түскенін көреді. Банктің жалған қызметкерлері жәбірленушіге бұл техникалық жұмыс екенін түсіндіріп, ақшаны бөліп ала бастаған. Келесі күні ғана әйел интернет-алаяқтықтың құрбаны болғанын және енді оған қомақты несие төлеуге тура келетінін түсінген.

Реклама
Реклама

"Қазіргі уақытта факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, осы қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтау бойынша қажетті шаралар қабылданып жатыр", - деді Павлодар облысы Шарбақты аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Нұрғали Омарбеков.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная