ПОДЕЛИТЬСЯ
02 сәуір 2019 | 12:00
Павлодар облысында ҰҚК қызметкерлері есірткі тасымалдаушыларды құрықтады
Павлодар облысында ҰҚК қызметкерлері есірткі тасымалдаушыларды құрықтады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Павлодар облысында ҰҚК қызметкерлері есірткі тасымалдаушыларды құрықтады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанның оңтүстік өңірлерінен Павлодар облысының аумағына есірткі заттарын тасымалдау арнасын ұйымдастыруға қатысы бар құрамына ҚР азаматтары А. Құттыбаев және П. Бадкенов кірген есірткі тобының заңға қайшы әрекетін анықтап, жолын кесті.
"2018 жылғы 20 шілдеде ҰҚК Павлодар облысы бойынша департаменті А. Құттыбаев пен П. Бадкеновті ұстап, олардың "қойма" ретінде қолданып жүрген пәтерлерінің бірінде тінту іс-шараларын жүргізу барысында 139 келі марихуана және 5 келі гашиш тауып, тәркіледі", - делінген хабарламада.
2019 жылғы 19 наурызда Павлодар облысының қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотының үкімімен қылмыстық істің фигуранттары ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлімінің 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылды.
А. Құттыбаев пен П. Бадкенов қауіпсіздік деңгейі барынша жоғары түзеу колониясында жазасын өтеумен 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Показать комментарии
Читайте также