28 қараша 2019 | 09:42

Павлодар облысының полицейлері ұрылардың суретін жариялады

Павлодар облысының полицейлері ұрылардың суретін таратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодар облысының полицейлері ұрылардың суретін таратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Павлодар полицейлері әр түрлі ұрлық жасаған адамдарды жария ету тәжірибесін енгізіп жатыр. Осы адамдардың көпшілігі қылмыстық жауапкершілікке бірнеше рет тартылған, бірақ тиісті қорытынды жасамай, қылмыс жасауды жалғастырып жүрген көрінеді. 

Реклама
Реклама

"Мұндай тәжірибені біз өңірдегі полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімовтің бастамасымен алғаш рет қолға алып отырмыз. Адамдар өз мүлкіне сақ болу үшін осындай ескертулерді шығарған жөн көрдік. Ұрлық болады, халық шағымданады, тексеру кезінде сол бір адамның бірнеше қылмысқа қатысы бары анықталады. Тұрғындар қаладағы қаскөйлердің түр әлпетін білгені дұрыс деп есептейміз", - деді Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері. 

Полицейлер қоғамдық орындарда жүретін қалта ұрыларынан бөлек, пәтер тонап, көліктің салонындағы бағалы заттарды ұрлайтындардың суреттерін жариялағанын айтады.

Ресми мәлімет бойынша, Павлодарда жыл басынан бері 65 ұры ұсталған. Полицейлер ұрылардың суретін көрсету арқылы тұрғындар өздерін қауіпсіз сезінеді деп топшылайды. 

"Сондай-ақ, қоғамдық қорлау әдісі арқылы қаскөйлер ұрлық жасаудан бас тартады деп үміттенеміз. Әлеуметтік желілерде өз суретін көргенде ұялатын шығар, себебі олар біреудің көршісі, танысы, досы болуы мүмкін ғой", - деді полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері. 

Полицейлер осы суретте көрсетілген адамдар тарапынан қандай да бір күдікті іс жасалған уақытта 102 нөміріне хабарласуды сұрайды. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная