Павлодар облысында саунада төбелескен шенеунік жазаға тартылды

© Rantalinna Hotel

Павлодар облысы Павлодар ауданы ?кіміні? орынбасарына мас к?йде т?белескені ?шін 15 АЕК (34035 те?ге) к?лемінде айыпп?л салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облысты? сотты? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Павлодар облысы Павлодар ауданы әкімінің орынбасарына мас күйде төбелескені үшін 15 АЕК (34035 теңге) көлемінде айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2016 жылдың 16 желтоқсанында Ауылшарушылығы қызметкері күнін саунада тойлаған ол ер адамды боқтап, кеудесінен итеріп жіберген, сосын басынан бірнеше соққы жасаған. 

Оқиға салдарынан зардап шегушінің денсаулығына жеңіл зиян келгені хабарланып отыр. Бұл дерекке қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының 1-тарауы "Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру" бойынша іс қозғалған. 

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Павлодар ауданы әкімі орынбасарының мемлекеттік қызметкердің этикалық кодексін бұзғаны Павлодар облысы әкіміне хабарланған. 

Азаматтық істер бойынша сот алқасы үкімді өзгеріссіз қалдырды. Үкім заңды күшіне енді. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама