Павлодар полицейлері "сымбатты ұры қызды" ұстады

Павлодар полицейлері ?алада?ы сауда ?йлеріні? бірінде шалбар ?рлады деген к?діктіні ?стады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ??ірлік ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Павлодар полицейлері қаладағы сауда үйлерінің бірінде шалбар ұрлады деген күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомстводағылардың мәліметінше, ұсталған күдікті - жергілікті жұмыссыз жүрген 23 жастағы қыз.

Реклама
Реклама

Қыз кінәсін толықтай мойындап отыр.

"Қыздың айтуынша, ол бұл қылмысқа материалдық жағдайының қиын болуынан барған. Қазіргі уақытта ол ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Бірақ полициядағылардың соңғы мәліметіне қарағанда, қыз үйіне жіберілді. "Ұсталған келіншектің кішкентай баласы болуына байланысты үйіне жіберілді. Одан қаладан шықпау туралы қолхат алынды", - деп хабарлады өңірлік ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, осыған дейін Павлодар полицейлерінің "сымбатты ұры қызды" іздестіріп жатқаны хабарланған болатын.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама