10 қыркүйек 2022 | 08:48

Павлодар тұрғыны "компания менеджерінің" қоңырауынан кейін 12 миллион теңге жоғалтты

Сұлу Бөлек Корреспондент

Павлодар тұрғыны алаяқтың жеңіл табысы туралы әңгімесіне сеніп, 12 миллион теңге жоғалтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодар тұрғыны алаяқтың жеңіл табысы туралы әңгімесіне сеніп, 12 миллион теңге жоғалтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

53 жастағы қала тұрғыны полицияға алаяқтық туралы арыз берді. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреу оған қоңырау шалып, өзін танымал компаниялардың бірінің менеджері ретінде таныстырды.

Қаскүнем өзін инвестиция саласындағы кеңесші ретінде таныстырып, қор нарығындағы тиімді ұсыныстар туралы айтты. Кейін ол жоғары қосымша табыс алу үшін ақша аударуды ұсынды.

Реклама
Реклама

Жеңіл жолмен ақша табуды көздеген ер адам алаяққа несиеге алған 12 миллион теңгеден аса ақша аударған. Алайда инвестициясын алмақ болғанда, компания менеджері биржаның жабылғанын айтты.

Қазір бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша соталды тергеу басталды. Қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная