13 қаңтар 2020 | 16:20

Павлодарда адамды "зомбиге" айналдыратын есірткі сақтаған ер адам ұсталды

видеодан үзінді

Павлодар қаласының 41 жастағы тұрғынынан синтетикалық есірткі партиясын тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодар қаласының 41 жастағы тұрғынынан синтетикалық есірткі партиясын тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ұсталған ер адам қала аумағында аса ірі көлемде психотроп заттарды әр жерге жасырып тастаған. 

Реклама
Реклама

Ер адамның тұрғылықты мекенжайында 200 грамм болатын (аса ірі көлем болып табылады) 96 полиэтилен орамасы табылып, тәркіленген. Сарапшылардың қорытындысы бойынша, полицейлер "альфа-пировалерон" психотроп заттарын тәркілеген. 

"Тәуелділіктен бөлек, препараттан адам алжасып, ашушаң бола түседі, бір сөзбен айтқанда адамды "зомби" етеді", - деді баспасөз қызметінің өклідері. 

Операция барысында түсірілген видеодан ұсталғанға дейін ер адам балконға жасырынып, қауіпті тауардан құтылуға тырысқан. Полиция мәліметтерінше, балконда осы психотропты заттар оралған пакеттер табылған. 

"Ұсталған азаматтың пәтерінде электронды таразы, изоляциялық таспа, полиэтиленді орама табылған. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі ("Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу, аса iрi мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарға, сол тектестерге қатысты", - деді өңірлік ПД өкілдері. 

Осы бап бойынша күдіктінің мүлкi тәркiленiп, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазалануы мүмкін. Күдікті қамауға алынды. Полиция мәліметінше, ер адам бұрын есірткі сақтау мен өткізу және адам өлтіргені үшін сотты болған. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная