12 қаңтар 2019 09:13

Павлодарда ағасының өлімі үшін кек алған ер адам 9 жылға сотталды

Видеодан алынған кадр

Павлодар облысында ер адамды өлтіріп, кейін оның денесін жол бойына тастап кеткен ер адам 9 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында ер адамды өлтіріп, кейін оның денесін жол бойына тастап кеткен ер адам 9 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның мәліметінше, 30 жастағы ер адам ағасының өлімі үшін осылай кек алмақ болған.

Реклама
Реклама

Жандос Мұхамеджанов Ақсу қаласындағы дәмханада өзімен бірге отырған Дәурен Мүбәрәковқа "5 жыл бұрын ағамды өлтірдің" деп жұдырық ала жүгірген. Кейін қасындағы өзге сыбайластарымен оны көлік жүксалғышына салып әкетіп, шаһар сыртындағы зиратта сойылмен өлгенше сабаған. Ақыры оның денесін жол бойында тастап, іздерін суытыпты. Осы қылмыс үшін Мұхамеджанов 9 жылға сотталып, әрі марқұмның отбасына 4 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттелді.

Телеарнадағылардың мәліметінше, Мүбәрәковтың артында үш баласы қалғанын айтқан ата-анасы, сот тым жеңіл шешім шығарды деп айқайға басты.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram