Павлодарда әкімдік атынан баспана сатқан алаяқ әйел сотталды

©Pvl.sud.kz

Павлодарда әкімдік арқылы баспана ұсынған алаяқ әйел сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодардың №2 қылмыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот өкілдерінің мәліметінше, Павлодар облысының Лебяжин ауданының тұрғыны ірі көлемде алаяқтық жасады деп танылды. Сот әйелді мүлкін тәркілей отырып, 3,6 жылға бас бостандығынан айырды.

"Сотталушы жәбірленушілерді алдап, әкімдікте жұмыс істейтінін айтып, алдаған және әкімдік арқылы үй алуға көмектесетінін айтқан. Одан кейін адамдардың сеніміне кірген алаяқ пәтер алу үшін әкімдік жұмысшыларына беремін деп, олардың қаражатын алып алған", - деп хабарлады сотта.

Реклама
Реклама

Өзін әкімдіктің қызметкерімін деп таныстырған әйел сатып алушыларды тұрғын үйдің мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша арзан бағаға сатылатынын айтқан. Ол жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді.

 
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама