01 маусым 2022 07:02

Павлодарда аулада болған төбелестен бір адам комада жатыр

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Иллюстрация: astv.ru

Павлодар қаласының көпқабатты тұрғын үй ауласында болған жанжалдың соңы төбелеспен аяқталды. Төбелес шығарғандардың бірі ауыр жарақат алып комада жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар қаласының көпқабатты тұрғын үй ауласында болған жанжалдың соңы төбелеспен аяқталды. Төбелес шығарғандардың бірі ауыр жарақат алып комада жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға Павлодар қаласының көпқабатты тұрғын үй ауласындағы балалар алаңында болған. Telegram-да жарияланған видеодан жерде қозғалыссыз жатқан ер адамды басқа ер адам ағаш таяқпен ұрып жатқанын байқауға болады. Осы кезде үшінші адам оны тоқтатуға әрекеттенеді.

Видеоны пәтер терезесінен түсіріп тұрған әйел полицияға хабарласқан. 

Реклама
Реклама

Куәгерлердің айтуынша, алдымен екі ер адам ағаш таяқпен төбелескен, тағы екеуі не болып жатқанын бақылап, оларды ажыратпақ болған. Артынша, жерге құлаған біреуін екіншісі таяқпен ұра бастаған.

Павлодар облыстық жедел жәрдем бөлімінің баспасөз қызметі жәбірленуші іш қуысын жарақаттағанын, мұрны сынғанын, бассүйек-ми жарақатын алып, комаға түскенін айтты. 

"Науқас Павлодар облыстық ауруханасының жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр", - деді Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.

Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

"Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабының 1-бөлігімен соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті ұсталып, Павлодар қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін күдікті 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram