12 шілде 2021 | 16:36

Павлодарда әйел мен екі баласы өлі табылды

Иллюстрациялық фото: crello.com

Ақсудағы үйлердің бірінен әйел мен оның 5 және 7 жастағы екі баласының пышақталған мәйіті табылды. Оқиға орнына Павлодар облысының полиция департаменті мен прокуратура басшылығы шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақсудағы үйлердің бірінен әйел мен оның 5 және 7 жастағы екі баласының пышақталған мәйіті табылды. Оқиға орнына Павлодар облысының полиция департаменті мен прокуратура басшылығы шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аймақ департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 шілдеде сағат 11.40-та қаланың кезекші бөліміне пышақ жарақаттары түріндегі зорлық-зомбылық белгілері бар адамдардың мәйіті анықталғаны туралы хабарлама түскен. Қазір криминалистер оқиға орнын тексеріп жатыр.

"Тәжірибелі жедел қызметкерлер, тергеушілер қатарынан ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел қызметкерлер мен учаскелік полиция инспекторлары аулаларды аралап, куәгерлерді анықтау үшін тұрғындардан көргенін сұрастырып жатыр", - деді аймақ департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Реклама
Реклама

Ведомство мәліметінше, ҚР ҚК-нің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша соталды тергеу басталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная