09 қараша 2020 | 17:37

Павлодарда белгісіз біреулер анасы мен үш баласын өлтіріп кеткен

© elements.envato.com

Павлодарда белгісіз біреулер анасы мен үш баласын өлтіріп кеткен. Олардың денесі пәтерден табылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодарда белгісіз біреулер анасы мен үш баласын өлтіріп кеткен. Олардың денесі пәтерден табылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Реклама
Реклама

"9 қарашада сағат 12.00-де полицияға Айманов көшесіндегі пәтерлердің бірінен төрт адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына келген тергеу тобы үй иесінің пәтерге кіре алмай жатқанын анықтаған. Ал пәтерден әйелі мен 2013, 2015 және 2017 жылғы үш баласының мәйіті табылған. Балалардан зорлық белгілері анықталған", - деді Павлодар облыстық полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная