25 қараша 2020 14:31

Павлодарда белгісіз біреулер сейфтен 10 миллион теңге ұрлап кеткен

© elements.envato.com

Павлодарлық полицейлер он миллион теңге ұрлаған екі күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарлық полицейлер он миллион теңге ұрлаған екі күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz

25 қыркүйекте ер адам Павлодар облысының полицейлеріне белгісіз біреулердің автокөлігінің терезесін сындырып, он миллион теңге ақшасын ұрлап кеткені туралы хабарлаған.

Реклама
Реклама

Жәбірленуші Қарағанды қаласында тұрады және жүк көлігімен Қарағанды – Семей қалалары арасында жүк тасымалдаумен айналысады. Ол бір күн бұрын туысымен бірге Семей қаласына тоғыз тонна көкөніс пен жеміс-жидек алып келіп, онда тауарды базарға түсіріп, әкелген тауары үшін қомақты ақша алған.

Ер адам ақшаны қағаз конверттерге салып, машинаның орындығының астында орналасқан темір сейфке салған.

Сейф құлыпталатын және көліктің орындығына дәнекерленген болған. Жолда ер адамдар Павлодар қаласына тамақ ішу үшін тоқтаған, бірақ 30 минуттан кейін асханадан шыққан ер адам көлігінің терезесі сындырылғанын, ал жүргізуші отыратын орындық пен оған дәнекерленген сейфтің мүлдем жоқ екенін көрген.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында павлодарлық жедел уәкілдер он миллион теңге ұрлаған екі күдіктіні ұстады. Олар Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары болып шықты, олардың біреуі бұрын сотталған.

Жедел уәкілдер бейнебақылау камераларының көмегімен қаскүнемдердің  жәбірленушілердің ізіне Семей қаласындағы базарлардың бірінде түскенін анықтады. Кәсіпкерлердің қомақты ақшасының бар екенін байқаған олар қылмыстық жоспар құрып, оны Павлодарда жүзеге асырған.

Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы ("Ұрлық") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
array:5 [
  0 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360482/thumb_m/photo_122783.jpeg"
    "title" => "Павлодардың бір бөлігі сусыз қалды: су беру қашан қалпына келеді?"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/pavlodardyin-br-bolg-susyiz-kaldyi-su-beru-kashan-kalpyina-360482/amp/"
  ]
  1 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360087/thumb_m/photo_122354.png"
    "title" => "Павлодар полициясы "қу" жүргізушінің ұсталған сәтін көрсетті"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/events/pavlodar-politsiyasyi-ku-jurgzushnn-ustalgan-satn-korsett-360087/amp/"
  ]
  2 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_359633/thumb_m/photo_121862.jpg"
    "title" => "Павлодарда кілтті жоғалатқаны үшін соққға жығылған әйел видеоға түсіп қалды"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/events/pavlodarda-kltt-jogalatkanyi-ushn-sokkga-jyigyilgan-ayel-359633/amp/"
  ]
  3 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_359584/thumb_m/photo_121813.jpeg"
    "title" => "Павлодарда доберманды таспен атқан ер адам айыппұл төлейтін болды"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/pavlodarda-dobermandyi-taspen-atkan-er-adam-ayyippul-toleytn-359584/amp/"
  ]
  4 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_359573/thumb_m/photo_121798.jpeg"
    "title" => "Павлодарда оқушы сыныптасы мен мұғалімін пышақпен жаралаған"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/events/pavlodarda-okushyi-syinyiptasyi-men-mugalmn-pyishakpen-359573/amp/"
  ]
]