Павлодарда екі қыз шетелдік азаматты өлтіріп кеткен

Германия азаматы Павлодарда ?лі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысты? ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Германия азаматы Павлодарда өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, 25 жастағы шетелдіктің денесінде зорлық белгілері болған. Оның мәйіті биыл 13 қазанда Павлодардағы пәтерлердің бірінен табылған. Ер адамды өлтірді деген күдікпен жергілікті 19 жастағы екі қыз ұсталды. Олардың бірі қаладағы оқу орындарының екінші курс студенті екен.

Ұсталған қыздар жақында ер адам мен олардың бірінің арасында жанжал шыққанын мойындады.

Реклама
Реклама

Полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Ұсталғандарға қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамау алу туралы шешім қабылданды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама