12 қазан 2020 | 09:34

Павлодарда ер адамдар темекі бермей қойған жасөспірімдерді жазаламақ болған

Фото: pavlodarnews.kz

Павлодарда жасөспірімдерді аңдыған екі ер адам қамауға алынды, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодарда жасөспірімдерді аңдыған екі ер адам қамауға алынды, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Іс материалдары бойынша, облыс орталығының 32 және 28 жастағы тұрғыны жерасты өткелі жолында өтіп бара жатқан үш жасөспірімнен темекі сұраған. Ер адамдар мас күйде болған. Олар темекі жоғын айтып, ер адамдардың ашуына тиген. Ер адамдар балағат сөздер айтып, жасөспірімдерді жазалайтынын айтқан. 

Реклама
Реклама

Балалар қашып кетуге мәжбүр болған. Ер адамдар балаларды Астана көшесінде орналасқан "Зимняя вишня" кафесіне дейін қуып жеткен. Алайда оқиға орнына келген полицейлер оларды ұстап, алып кеткен. 

"Құқық бұзушылықтар ауырлататын жағдайларда жасалған: мас күйде, кәмелетке толмаған балаларға қатысты. Құқық бұзушылардың біреуі осы бап бойынша бір жыл аралығында әкімшілік жауапкершілікке тартылған", - дейді сот өкілдері. 

Екеуі де Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы бойынша кінәлі деп танылып, бірі 5 тәулікке, екіншісі 7 тәулікке қамалды. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная