Павлодарда "Ертіс" футбол клубының директоры сотталды

Камила Долаева Журналист
© Даниал Окасов

Павлодарда "Ертіс" футбол клубының директоры сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Павлодарда "Ертіс" футбол клубының директоры сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті "ERTIS футбол клубы" қоғамдық қорына қатысты бюджетке салықтарды төлеуден жалтару дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады. 

Тергеу барысында 2019 жылы ERTIS футбол клубының директоры салық органдарына бұрмаланған деректері бар мағлұмдаманы ұсынғаны анықталды. Сол арқылы мемлекетке 193 миллионнан астам теңгеге төленбеген салықтар түрінде залал келтірді", - делінген хабарламада.  

Клуб директоры 3 жыл бойы қаржы және коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды иелену құқығынан айырыла отырып, 1 жылға сотталды.

Реклама
Реклама

ҚМА өкілдері ҚР ҚК-тің 245-бабына сәйкес бюджетке салықтарды және өзге де төлемдерді өтеуден жалтару үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама