04 ақпан 2022 | 12:00

Павлодарда есірткі жеткізген такси жүргізушісі ұсталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Павлодарда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері синтетикалық есірткі таратты деген күдікпен 33 жастағы такси жүргізушісін ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz. сайтына сілтеме жасай отырып.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодарда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері синтетикалық есірткі таратты деген күдікпен 33 жастағы такси жүргізушісін ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz. сайтына сілтеме жасай отырып.

Тергеу мәліметтері бойынша, таксиде жұмыс істейтін жас жігіт интернеттен жоғары ақы төленетін жұмыс туралы хабарлама тауып, есірткі саудасымен айналысып, материалдық жағдайын жақсартқысы келген.

"Telegram мессенджері арқылы ол жеткізуші болып жұмыс істеу ережелері туралы егжей-тегжейлі нұсқау алған. Осы нұсқау бойынша айтылған орындарға жасырын белгілер арқылы таратуы керек болған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде такси жүргізушісі ұсталғаны, оның көлігінен 20 түйіншек табылғаны белгілі болды. Сараптамаға сәйкес, ішіндегісі синтетикалық есірткі заты болып шықты.

Осы іске қатысты Қылмыстық Кодекстің 297-бабы 3-бөлігі "Есірткі құралдарын немесе олардың аналогтарын заңсыз дайындау не өткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная