02 ақпан 2023 13:27

Павлодарда итті атқан ер адам ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Павлодарда полицейлер күндіз ит атқан ер адамның кім екенін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда полицейлер күндіз ит атқан ер адамның кім екенін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ұсталған Павлодар қаласының азаматы болып шықты, одан 12 калибрлі ТОЗ-34 тегіс ұңғылы қос ауызды шолақ мылтық тәркіленді. Ер адамның қару сақтауға рұқсаты бар. Қылмыстық кодекстің 316-бабы (Жануарларға қатыгездікпен қарау) бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді Павлодар қалалық ІІБ Оңтүстік полиция бөлімінің бастығы Павел Павлов.

Реклама
Реклама

Ведомство мәліметінше, ұсталғанға қатысты бұлтартпау шарасы таңдалған.

Павлодар тұрғыны ер адамның итті атқан кезін немересі, бесінші сынып оқушысы көргенін айтады.

"Бәрі мектепке кетіп бара жатқан немеремнің көз алдында болды. Ол қатты шошып, қалтырап жылады. Біз бүкіл отбасымызбен итке алаңдап, уайымдадық. Қатты ренжідік. Кінәлі адам жазасын алуы керек", - деп жазды ол Павлодар тұрғыны.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram