28 желтоқсан 2016 16:19

Павлодарда итті еріккеннен ұрып өлтірген ер адам жазадан құтылып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Tengrinews.kz мұрағатынан Tengrinews.kz мұрағатынан

Өз итін еріккеннен ұрып өлтірген павлодарлық жазадан құтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Өз итін еріккеннен ұрып өлтірген павлодарлық жазадан құтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жергілікті полицейлер ер адамның әрекетінен қылмыс құрамын таппаған. "Аталған дерекке қатысты "Жануарларға қатыгездік көрсету" бабы бойынша соталды тергеу жұмыстары жүргізілді. Тергеу қорытындысы бойынша қылмыстық әрекет табылмағандықтан, қылмыстық істі тоқтату туралы процессуалдық шешім қабылданды", - дейді аймақтық баспасөз қызметінің өкілдері.

Сонымен қатар, Павлодар прокуратурасы бұл шешіммен келіскендігін айтады баспасөз қызметінінң өкілдері. Еске салайық, оқиға шілде айында болған. 

Павлодарлық әйел адам бұл жағдайға кездейсоқ куә болып қалған. Ол саяжай аумағында ер адамның қансырап жатқан итті қатыгездікпен ұрып жатқанын көріп, полиция шақырған. Шақырту бойынша келіп жеткен құқық қорғау қызметкерлері иттің өлігін көреді. Полицейлер тұқымы белгісіз иттің бір бөлшек етке ұқсап жатқанын атап өткен. Кейін 48 жастағы ер адам өз итін "жәй әшейін" ұрып өлтіргенін мәлімдеген. 

Жануарға қатыгездік көрсеткені үшін ол 500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуі керек болған немесе үш жүз сағат қоғамдық еңбекке тартылуы тиіс болатын. Сонымен қатар, осы бап бойынша 90 күнге қамауға алу да қарастыратын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети