29 қараша 2021 | 12:34

Павлодарда жол ережесін бұзғанын видеоға түсірген жүргізуші жазаланды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Павлодарда бөтен біреудің жол ережесін бұзғанын видеоға түсірген жүргізушінің өзі айыппұл төледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодарда бөтен біреудің жол ережесін бұзғанын видеоға түсірген жүргізушінің өзі айыппұл төледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодарда бөтен біреудің тәртіп бұзғанын видеоға түсірген жүргізуші өзі үш рет жол ережесін бұзған.

Нұр-Сұлтан қаласының 19 жастағы тұрғыны қызық оқиғаға тап болды. Жас жүргізуші телефонына бөтеннің тәртіп бұзғанын түсірмек болған, бірақ оның орнына өзінің жол ережесінің үш тармағын бірден бұзғанын видеоға түсіріп алған. Түсірген видеоны ол әлеуметтік желіге жариялаған.

Реклама
Реклама

"Мониторинг барысында жүргізушінің өзі жол қозғалысы ережесін бұзғаны, атап айтқанда, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, көлік құралын басқару кезінде телефон пайдаланған және маневр жасау ережелерін бұзған кезде видеоға түсіріп жатқан жері анықталды", - деді Павлодар облысының полиция департаменті.

Жүргізушіге қатысты Әкімшілік кодекстің үш бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.

"Жасаған құқықбұзушылықтары үшін жүргізушіге 59 мың теңгеге жуық айыппұл салынды", - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицейлер жүргізушілер басқа көліктің құқық бұзушылық жасаған сәтін түсіргісі келсе, бейнетіркегіш қолданған дұрыс дейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная