Павлодарда кафе қонақтарын өлімші етіп сабаған күзетшілер жазадан құтылды

Видеоның кадрлары

Павлодарда кафе ?она?тарын аяусыз ?рып-со??ан екі к?зетші жазадан ??тылып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодарда кафе қонақтарын аяусыз ұрып-соққан екі күзетші жазадан құтылып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мұндай қаулы шығаруға тараптардың татуласуы себеп болыпты. Оларды босату туралы өтінішті жәбірленушінің өзі берген. 

Павлодар қалалық қылмыстық соты "Элекор-Кузет" фирмасының қызметкерлері 37 жастағы Руслан Әбдрахманов пен 31 жастағы Азамат Ахметовты қылмыстық жауапкершіліктен босатты. Қаулыны Павлодардың №2 қылмыстық сотының судьясы Күлшира Бәкенова шығарды.  

Реклама
Реклама

Сотта жәбірленуші ер адам күзетшілерге ешқандай да қарсылығының жоғын және оларды босатуды өтінетінін мәлімдеген. Мемлекеттік айыптаушы да бұл өтінішке қарсы келе алмады. 

Қаулы шыққаннан кейін биылғы қазаннан бері қамауда отырған Руслан Әбдрахманов сот залынан босап шықты.

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама